ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ, МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТЕРІНДЕ ЕСЕП БЕРУІ
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Үкіметтік селекторлық мәжілістің қорытындысы бойынша 2018жылғы 25 қыркүйектегі №29 хаттамысын орындау мақсатында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мектеп инспекторларының білім беру ұымдарының қамқоршылық кеңестерінде берілген есептер тыңдалды.
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі және Меркі ауданы ІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның жалпы білім беретін мектептерінде оқушылар арасында құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту, қылмыстың алдын алу, болдырмау және білім беру мекемелерінде бекітілген полиция инспекторларының жұмысын үйлестіру жөніндегі 2018 жылдың 8 қазан күні бекітілген бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданның 29 жалпы білім беру мекемелерінде мектеп инспекторларының бірлескен есеп беру іс-шаралар жоспары бекітіліп, 9-19 қазан күндері аралығында жоспарлы өткізілді.
19 қазан күні № 39 Т.Қожакеев атындағы мектеп –гимназиясында мектеп инспекторларының есебі тыңдалды. Есеп беруге облыс білім басқармасының басшысының орынбасары Т.Жамалов, Жамбыл облыстық ІІД ЖПҚ қызметінің ЮПБ-нің полиция полковнигі Қ.Қалжанов және «7-канал» БАҚ өкілдері қатысты.
Вернуться назад