DataLife Engine > Қамқоршылық кеңес > «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Жамбыл облысы әкімдігінің

2015 жылғы 25 маусымдағы

№ 132 қаулысымен  бекiтiлген

 

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)«Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 14 мамырында № 11047 тіркелген) бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына сәйкес (бұдан әрі — стандарт) оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: жеке, топтамалардағы және топтағы сабақтар және кеңестер.
  2. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі

іс-қимылдар тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі – құжаттар)  табылады.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті алу үшін қажеттіқұжаттарды қабылдау, талдау,

тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау– 15 минуттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау және мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту туралы шарт жасасу–60 минуттан аспайды;

3) мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өткізу — күнтізбелік 90 күннен бастап 365 күнге дейін;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау – 1жұмыс күніненаспайды;

5)мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою– 1 жұмыс күнінен аспайды;

6) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру– 15 минуттан аспайды.

  1. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;

2) мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту туралы шарт;

3)мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық – медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өту;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

 

  1. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету

процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
  • іс-жүргізуге жауапты қызметкері;
  • көрсетілетін қызметті берушініңбасшысы;
  • көрсетілетін қызметті берушінің арнайы педагогтері.
  1. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:

1) іс-жүргізуге жауапты қызметкер өтініш түскен сәттен бастап 15 минут ішінде құжаттардың стандарттың  9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігіне талдау жүргізіп, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушініңбасшысына жолдайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды жәнемүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту

туралы шарт жасасады-60 минуттан аспайды;

3) арнайы педагогтардан көрсетілетін қызметті алушыныңмүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өтуі- күнтізбелік 90 күннен бастап 365 күнге дейін;

4) іс-жүргізуге жауапты қызметкер мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 1 жұмыс күні ішінде дайындайды және қол қоюға жолдайды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінеқол қояды және оны іс-жүргізуге жауапты қызметкерге  жолдайды;

6) іс-жүргізуге жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушыға 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.

 

  1. Көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

  1. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету қарастырылмаған.
  2. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшағасәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында — www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.



Вернуться назад