Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған секциялық отырыс
2018 жылғы 22 тамыз күні Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназияның базасында «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АДАМИ КАПИТАЛ» атты тамыз кеңесі өтті. Оның ішінде ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған секциялық отырыс «Тіл пәндері сабақтарында заманауи білім беру технологияларын пайдалану» тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Секция жұмысына қалалық білім білім бөліміне қарасты 59 білім мекемесінен 86 ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты (қазақ бөлімінде -54, орыс бөлімінде – 32).
Секция жұмысын дағылшын тілі пәні әдіскері Г.Пирназарова ашып, ары қарай бағдарлама бойынша секция модераторлары жалғастырды. Атап айтар болсақ, қазақ бөлімі бойынша - №5 МГ-Құрманқұлова К.Т, №30МГ - Алимкулова Ж.С., №1 гим - Буралкиева Ж.М., орыс бөлімі бойынша - №7МГ - Кириченко М.Н., №1 гим - Буралкиева Ж.М., №24 гим - Мубарашкина Р.А. өз іс тәжірибелерімен бөлісіп, баяндама жасап, әдіс алмасты. Секция отырысы барысында қызу сұхбат болды: секция қатысушылары сұрақтар қойды, өз пікірлерін білдірді, ұсыныстар мен ұсынымдар берді. Секция отырысының соңында мақтау қағаздары мен алғыс хаттар тапсырылды.
Вернуться назад