DataLife Engine > Бөлінген қаражат жоспары > БӘД пәні мұғалімдеріне арналған секциялық отырыс

БӘД пәні мұғалімдеріне арналған секциялық отырыс

     2018 жылғы 22 тамыз күні Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназияның базасында «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АДАМИ КАПИТАЛ» атты  тамыз кеңесі өтті. Оның ішінде БӘД пәні мұғалімдеріне арналған секциялық  отырыс «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастауыш әскери және технологиялық даярлық сабақтарында патриоттық тәрбие» тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Секция жұмысына қалалық білім білім бөліміне қарасты 55 білім мекемесінен 55 БӘД пәні мұғалімдері  қатысты (қазақ бөлімінде -40, орыс бөлімінде – 15).

     Секциялық отырыстың  мақсаты - әскери–патриоттық тәрбие – мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың жастарда жоғары патриоттық түйсікті өз Отанына шын берілу, өзінің азаматтық парызын орындауға дайын болуды құруға бағытталған көп жоспарлы, жүйелі, мақсатты іс – әрекет. Секция жұмысын дене шынықтыру және БӘД пәні әдіскері С.Мухамбетов ашып, ары қарай бағдарлама бойынша секция модераторлары жалғастырды. Атап айтар болсақ, қазақ бөлімі бойынша - №33 ОМ- Юлдашев Даурен, №31ОМ Альмухамедов Меержан, №15 МГ - Куанышбеков Галымжан, №48 ОМ Исаев Ғалымжан, орыс бөлімі бойынша - №40 гим Шумаков Василий,№22 ОМ - Сабиров Данияр, №2 ОМ - Кравченко Николай өз іс тәжірибелерімен бөлісіп, баяндама жасап, әдіс алмасты. Секция отырысы барысында қызу сұхбат болды: секция қатысушылары сұрақтар қойды, өз пікірлерін білдірді, ұсыныстар мен ұсынымдар берді. Секция отырысының соңында мақтау қағаздары мен алғыс хаттар тапсырылды.

 

 




Вернуться назад