КОУЧИНГ «ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ҮШТІЛДІЛІКТІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ»
КОУЧИНГ «ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ҮШТІЛДІЛІКТІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ»
Ағымдағы жылдың 7 тамыз күні «Жаз мектебі – 2018» жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Қазіргі заманда үштілділіктің құзыреттілігі » тақырыбында №5 жалпы білім беретін мектеп базасында аудандық коучинг өткізілді.
Аталған іс-шараға ауданның пән (физика, информатика, биология, химия) мұғалімдері, барлығы 28 педагог қатысты.
Коучингке қатысушыларға бастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру –педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі екені туралы айтылып, мұғалімдер өзара көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісіп, тәжірибе алмасты. Жиын соңында қатысушылар таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.
Вернуться назад