Information
2018 жылдың 10 тамыз күні Меркі ауданының №5 жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі пәні мамандарының арасында «Эссе жазудың негізгі талаптары» атты тақырып аясында дөңгелек үстел өтті. Тақырып аясында мәлімет беріп, ұстаздармен сұхбат жүргізген Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каймалакова Нагима. Дөңгелек үстелдің мақсаты: соңғы жылдары білім алушылар қорытынды аттестаттауда орыс тілі мен әдебиетінен эссе түрінде жазбаша емтихан жұмысын жазатын болғандықтан, осы тақырып аясында тереңірек мәлімет беру болу беру болды. Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым –қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Сондықтан да қазіргі таңда, мектеп бітіруші де, ұстаздар да эссенің жазылу талаптарын, кезеңдерін, құрылымын сараптауда.
Вернуться назад