Заманауи білім беру: жаңа мүмкіндіктер мен жаңа талаптар
Қазіргі уақытта мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы жылдам өзгеріп жатқан әлемнің талабы. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Қазір білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.
2018 жылдың 9 ақпанында №1жалпы білім беретін мектебінде ауданның мектепалды даярлық сынып мұғалімдері арасында жаңартылған білім беру мазмұнындағы бойынша өзекті мәселелерді қарастыру мақсатында «Мектепалды даярлық сыныптарындағы тәрбие мен оқытудағы қиындықтар» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты-жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабақтарды жоспарлаудың ерекшеліктері және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жинақталған тәжірибелерімен алмасу.
Дөңгелек үстелдің ашылу сәтінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Сансызбаева мен №1 жалпы білім беретін мектеп директорының міндетін атқарушы М.Мукаева ұстаздар алдындағы келелі міндеттерге тоқтала отырып, бүгінгі таңдағы жұмыс барысындағы қиындықтар мен жетістіктерді ортаға салып, тәжірибе алмасуды ұсынды.
№1 жалпы білім беретін мектептің даярлық сынып мұғалімі Л.Узбекова «Мектепалды даярлық сыныптарындағы тәрбие мен оқытудағы қиындықтар» тақырыбындағы баяндамасында стандартқа сай құжаттардың қалай рәсімделуіне тоқталды. Атап айтсақ, перспективалық жоспар, циклограмма, баланы бақылау парағы, баланың жеке даму картасын дұрыс толтыру талаптарымен таныстырды.
Сауат ашу негіздері пәні бойынша Л.Узбекова «Тт дыбысы мен әрпі»
тақырыбындағы панорамалық сабағын көрсету арқылы қысқа мерзімді жоспардың жасалу ерекшелігі мен ондағы тапсырмалардың әдіс-тәсілдерге негізделуін тәжірибелік тұрғыдан көрсетті. Мектеп психологы Р.Абитаеваның дыбыстарға негізделген тренингісі мұғалімдерді керемет әсерге бөледі.
Дөңгелек үстел барысындағы өткізілген коучингте топқа бөлінген мұғалімдер сабақты ұйымдастырудың белсенді формаларын, өздеріне қажетті құжаттарды рәсімдеп, шеберліктерін шыңдады.
Қорыта айтқанда жаңартылған білім беру жүйесі жаңа бағыт, жаңаша талап заман талап заман талабы екендігі айдан анық. Келген ұстаздар пайымды пікірлерін сабақ жоспарлық ерекшеліктерін өз тәжірбиелерінде пайдалану ұсыныстарын жеткізді.
Вернуться назад