Оқушылардың қабілетін ашу арқылы кәсіптік бағдар беру
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары ұлтымыздың бәсекелік қабілетін айқындайды. Сондықтан, «Өркен» шығармашылықты дамыту және кәсіптік бағдар беру орталығында оқушыларға кәсіптік бағдар беру бағытында қосымша білім беру – жастарымызды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлау қамы. Орталығымыздың міндеттерінің бірі - оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдап, кәсіби құзыретті маман болуына жағдай жасау, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Үйірмедегі машықтандыру (практикалық) сабақтарында оқушыларда еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік, шыдамдылық, өзара түсінушілік, ынтымақтастық сияқты қасиеттер қалыптасады.
Осы тұрғыда «Аспазшы - кондитер» үйірмесінде екі жылдық оқыту бағдарламасы бойынша білім алып келген оқушылар өз білімдерін ұтымды пайдалануын және шеберліктерін көрсетуді мақсат етіп орталық оқушыларына «Тәтті тағамдар және десерттер» тақырыбында шебер – сынып өткізді. Топ жетекшісі – қосымша білім педагогы Гүлбайра Садыққызы Оңалбаеваның жетекшілігімен оқушылар көрермендерге тәтті тағамдар туралы презентация дайындап, пайдалы кеңестер мен түсініктер берумен қатар тәтті тағамдардан десерттер әзірлеу жолдарын көрсетті.
Вернуться назад