DataLife Engine > Жаңалықтар > Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі

Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен  «Өркен»  шығармашылықты дамыту және кәсіптік бағдар беру орталығында  2018 жылдың 10 қантарында  9-11 сынып оқушыларының арасында «Болашақ мамандық иесімін» атты мультимедиялық жобалар байқауы  өткізілді. 

 

 

 

 

 

 

Байқау кәсіптік бағдар беру мақсатында өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын дұрыс таңдап, кәсіби  құзыретті, бәсекеге қабілетті  маман болуына ықпал етуді және  еңбек нарығына қажетті, сұранысқа ие мамандықтарды насихаттауды көздеді. 

Байқауға ауданымыздың  17 орта мектебінен  18 оқушының  жобалары қатыстырылды. Байқаудың екінші кезеңіне  іріктеліп шыққан №1, №2, №5, №11, №16, №20, №21, №34, №35  орта мектептерінің  оқушылары  сан қырлы мамандықтардың ішінен таңдаған мамандықтарының қоғамда алатын орнын, еңбек нарығындағы қажеттілігін,  перспективалық мүмкіндіктерін көрсетіп презентацияларын қорғады.

Байқауды  бағалау кезінде жобалардың өзектілігі мен тақырыпты аша білуі, материалдың мазмұнының жоба мақсатына сәйкестігі, жобаны қорғаушының өзіндік идеялар мен ұсыныстары, жобаны қорғауда оқушының сауаттылығы, сөйлеу шеберлігі мен тіл байлығы ескеріліп жеңімпаздар анықталды. 

Байқаудың қортындысы бойынша «Бас жүлде»  №5 Ақарал орта мектебінің  9 сынып оқушысы Сайлау Сырымға табыс етілсе, І- орынды  №1  орта мектебінің 10 сынып оқушысы Болатхан Жайна мен №11Әмеди Хасенұлы атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы  Жараспаева Гүлім өзара бөлісті, ІІ- орынды  №1 орта мектебінің  11 сынып оқушысы Джамалова Эльназ  иеленсе,  ІІІ- орынды  №35 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Малдыбек Айбек жеңіп алды.

  

Байқау жеңімпаздарын  және білімділігімен, жеңіске деген жігерлігімен көзге түскен №2,№16,№20,№21,№34 орта мектептерінің оқушыларын аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Тлеужанов құттықтап дипломдармен  алғыс хаттар тапсырды.




Вернуться назад