DataLife Engine > Жаңалықтар > «Өнерлі тұлға бейнесі» атты байқау

«Өнерлі тұлға бейнесі» атты байқау

 

 

 Қазағымның көрнекті тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері – қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін нағыз ұрпақты тәрбиелеушілер. Бұл жолда үлкен ізденіс пен парасат қажет. Тәрбиешінің әр күні жаңалық ашумен, ертеңгі азаматты қалыптастырудағы жауапкершілікпен ұштасып жатады. Міне осы айтылғандарды орындау үшін  мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы бейнелеу өнері педагогінің кәсіби беделін арттыру, жас мамандарға қолдау көрсету, үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Өнерлі тұлға бейнесі» атты байқауды мақтанышпен айтуға болады.

Байқауға Меркі ауданының 13 бөбекжай-балабақшасының педагогтары қатысты. Байқаудың талаптары өте жоғары болып, 4 кезеңнен тұрды. Қатысқан 13 бөбекжайдан өз білімімен, өнегелі де өнерлі ұстаз екенін дәлеледеп, суырылып шыққан «Санаторлық» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Бекболатова Ақерке Болатханқызы бас жүлдені жеңіп алып, облыстық осы байқауға қатысуға мүмкіндік алды. Байқау Тараз қаласында қараша айының 8-ші жұлдызында өтті.

 

Облыстық байқауға 9 аудын қатысыты. Аудан педагогтарыда білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану мақсатында алдына жан салмады. Бейнелеу өнерінің хас мамандары екенін дәлелдеді. Осындай бәсекелестікте өз білімін абыорймен көрсете алған Ақерке Болатханқызы барлық кезеңнен сүрінбей отырып I-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Еңбегіне қарай құрмет» деген дана халқымыз, осындай жеңістеріміз көп болса балалармыздың болашағы да зор болмақ.

 

 

 

 

 




Вернуться назад