«ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Ministry of Education and Science және Балалардың құқығын қорқау Комитетінің қолдауымен Отбасылық Тәрбиелеу Институты 2018 жылдың қыркүйек-қазан айларында барлық білім беру мекемелерінде «21 ғасырда Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты Біріңғай республикалық ата-аналар конференциясын өткізуде.
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 29 жалпы білім беретін мектептерінде 2018 жылдың 8 қыркүйегінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін, ал 9 қыркүйек күні 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған конференция ұйымдасқан түрде өткізілді.
Конференцияның басты мақсаты баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он, моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсінік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал ету, ата-аналардың өз баласының ақпараттық қауіпсіздігін сақтау бойынша, өзіне-өзі қол жұмсау және өзін-өзі бұзудан сақтау мәселелері бойынша бала тәрбиесінде туындайтын өте қиын сұрақтар мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша білім беру мекемелерімен өзара қатынасты дамыту мен отбасылық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған.
Бұл іс-шараға аудан көлеміндегі 29 мектептің педагог-психологтары 1 сынып бойынша1809 ата-анамен , ал 10-11 сынып бойынша 1444 ата-анамен конференция жұмыстарын жүргізді , сонымен қатар іс-шараға «НұрОтан»партиясының өкілдері,жергілікті жерде орналасқан ауылдық округтердің өкілдері,аудан депутаттары,ауылдық округтерден ақсақалдар төрағалары,мектептерден ата-аналар комитеті шақырылған қонақ ретінде, 60 волонтер қатысты.
Конференция барысында ата-аналарға арналған жас ерекшеліктеріне сай жадынамалар,сауалнамалар таратылды.жиынга қатысушы ата-аналарға отбасындағы бала тәрбиесі туралы слайд арқылы кеңестер беріліп,топтық ойындар жүргізілді.
Вернуться назад