«ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ!» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА
2018 жылдың 2 қазан күні Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен бірлескен мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз – ұлы есім!» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімі Омірбеков Мейірхан Азатұлы бастаған ауданның мекеме басшылары мен округ әкімдері, ардагер ұстаздар мен шығармашыл мұғалімдер, олардың жас ізбасарлары да ұлық мерекенің құрметті қонақтары болды. Аудан әкімі – Омірбеков Мейірхан Азатұлы, ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, аудан мектептерінің ең кәсіби білікті ұстаздарын аудан әкімінің, аудандық маслихаттың, Нұр Отан партиясының, облыстық білім басқармасы мен білім қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен және 20 мұғалім 50000 тг. көлеміндегі сертификаттармен марапатталды. Салтанатты кеште шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының оқушылары мерекелік концертке жиылған қауымға ерекше көңіл-кhouseсыйлады.
Аудандық Балалар мен жасөспірімдердің «Үміт» сарайының фаесінде «Жылдар. Уақыт ізі. Ұрпақтар сабақтастығы» айдарымен суреттер галереясы ұйымдастырылып, кезінде ауданымыздың білім саласын биікке көтерген ардагар ұстаздар мен бүгінгі таңда ұстаздақ мамандықты абыроймен атқарып жүрген мұғалімдердің суреттері қойылды. Сондай-ақ, Астананың 20 жылдығына арналған дәстүрлі гүл көрмесі өтті. Көрменің қорытындысы бойынша жеңімпаз мектептерге бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Вернуться назад