ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№39 Темірбек Қожакеев атындағы ЖББМГ дарынды-талантты жас ерекшеліктері әр түрлі 22 оқушылардан және жетекші етуші ұстаздардан құралған «Қожакеевтанушылар» әдеби-танымдық клуб оқушылары бесінші қазан куні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ барып қайтты.
Журналистика саласында Темірбек Қожакеевтің есімі ерекше аталады. Себебі, қазақ сатирасының тарихы мен оның жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеп айналымға енгізген ғалым, ұстаз, қайраткер. Белгілі сатирик, жазушы Ғаббас Қабышұлының «Темірбек Қожакеевті сатыпта ала алMayсың, атыпта ала алMayсың»,-деп жазуы көп нарсені аңғартса керек. Ғалым, қарымды публицист, шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаздың жолы осы күні ұрпағы жалғасынын табуда.
Олай деуге себеп, күні кеше ғана қазан айының 5-і күні ҚазҰУ студенттері Жамбыл облысы, Меркі ауданы Темірбек Қожакеев атымен аталатын №39 мектеп-гимназияның оқушыларымен жүздесіп, журналистикаға жақын балаларды әңгімеге тартты. Қожакеев туған ауылдан келген мектеп оқушылары ҚазҰУ кампусымен танысты. Дарынды оқушылар шақырылған кәсіби бағдар беру жұмысы журналистика факультетінің №230 Темірбек Қожакеев атындағы Акт залында жалғасты. Онда журналистика факультеті деканы Сағатбек Медеубекұлы мен Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Г. Сұлтанбаева және факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы шеберлік дәрісін оқыды. Оқушылардың алған әсерлері өте керемет! Schoolchildren жетекшілік етіп жүрген Отарбаева Гульнур Аликқызы мен Әбдікерім Дана Әлімбекқызына оқушылар мен ата-аналардың алғысы шексіз.
Темірбек Қожакеев- қайталанбас тұлға. Ол қазақ журналистерінің мақтанышы, үлгі тұтары. Сондықтан бірегей тұлғаның туған жерінен білім алып жатқан оқушылардан, болашақта аталарындай мықты азамат шығарына бек сенімдіміз!
Вернуться назад