DataLife Engine > Жаңалықтар > «ҮЗДІК МЕКТЕП МУЗЕЙІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

«ҮЗДІК МЕКТЕП МУЗЕЙІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

    Ұлан-ғайыр Республикамыздың оңтүстік-шығысында, Алатаудың бөктерінде орналасқан мерейлі Меркі жеріне жол түсіп келе қалсаңыз, Тоқаш Бокин the outsideмен тура жүре берсеңіз, көркімен көзтартарлық алып білім ордасы №39 Темірбек Қожакеев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы алыстан-ақ «мен мұндалап» өзіне шақырады. Мектеп қақпасынан аттай бере, ауланың сол жағында назарыңды еріксіз өзіне қарататын Темірбек Қожакеевтің ескерткіші тұр. Ия, осы тұста айта кететін жайт, Темірбек атамыз мектебімізге келген әрбір адаммен жылы қабақ танытып, сүйсіне сәлемдесіп, білім мен тәрбие ордасына «қош келдің» деп тұрғандай боп елестейді.

    Біздің мектепке қазақ баспасөзінің  тарихы мен теориясын зерттеуші, әдебиетші әрі сыншы, қазақ сатирасы мен юморының тарихын алғаш зерттеп, негізін қалаған көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеев есімі 2015 жылы беріліп, мектеп ғимаратының 3-қабатында «Темірбек Қожакее әдебиет мұражайы ашылды.

   2018 жылдың сәуір айында «Best мектеп музейі» Облыстық байқауына №39Темірбек Қожакеев атындағы ЖББМГ қатысып Бас жүлдені иеленген болатын. Мектеп музейіне Облыстық білім басқармасы ноутбук сыйлыққа тарту етті. Жобаны 10в сынып оқушысы Жамшыбек Аяулым жетекшісі  Отарбаева Гульнур Аликқызының жетекшілігімен қорғап шықты. Қараша айында өткізілетін Республикалық кезеңіне жолдама да алды. Барлық қатысушыларға Облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинет басшысының орынбасары Тажибаев Бигелді Халилуллаұлы құттықтау сөз айтық алғысын білдірді.

 

 

 

 




Вернуться назад