DataLife Engine > Жаңалықтар > «ҮЗДІК МЕКТЕП МУЗЕЙІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ

«ҮЗДІК МЕКТЕП МУЗЕЙІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ

    Біздің мектепке қазақ баспасөзінің  тарихы мен теориясын зерттеуші, әдебиетші әрі сыншы, қазақ сатирасы мен юморының тарихын алғаш зерттеп, негізін қалаған көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеев есімі 2015 жылы беріліп, мектеп ғимаратының 3-қабатында «Темірбек Қожакее әдебиет мұражайы ашылды.

   Ерен еңбегімен ел аузында жүретін, еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ұлт мұратын, тарих тағылымын зерттеп, қазақ зиялыларының тағдыры жайлы игілікті ізденістер жасап, ізгілікті істер атқарған Темірбек Қожакеев туралы тереңірек танысып білгіңіз келсе, ұлағатты ұстаздың өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертіп, мол мағлұмат беретін «Темірбек Қожакеев» әдебиет мұражайында сақталған шығармалары мен кітаптары – кейінгі ұрпақ, біздер үшін, тамыры терең тарихи таным байлығымен бағалы мұра.

2016-2017 оқу жылында «Қожакеевтанушылар» әдеби-танымдық клубы ашылды. Клубтың ашылуы туралы Жарғы 2017 жылдың 9 қаңтарында бекітіліп, клуб өз жұмысын Жарғыда көрсетілген мақсат пен міндеттерге және бекітілген жоспарға сай бүгінгі күнге дейін жүргізіп келеді.

  Клуб құрамы жас ерекшеліктері әр түрлі 22 дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын жетекші және клуб жұмысын ұйымдастырушы ұстаздардан құралған.

  Сонымен қатар 2017-2018 оқу жылында оқу жоспарының вариативті бөлігінен 7-сынып оқушылары үшін ұлы ұстаздың өмірі мен шығармашылығын шәкірттерге терең ұғындыру мақсатында «Қожакеевтану» үйірмесі ұйымдастырылды. «Қожакеевтанушылар» әдеби-танымдық клубы мен «Қожакеевтану» үйірмесінің жұмысын жүргізу барысында мұражай  материалдары толығымен пайдаланылады. 

2018 жылдың қараша айының 1-3күні аралығында Астана қаласы  Республикалық Ұлттық Музей базасында ұйымдастырылған республикалық «Best мектеп музейі» байқауына республикамыздың түкпір-түкпірінен 17 үміткер қатысты.  Республикалық музейлер жарысы «Тарихи музейлері», «Әдебиет музейлері», «Өлкетану музейлері» бағыты бойынша додаға түсті. Атап айтсақ Ақмола облысы Шуйская мектебі, Астана қаласы №7 Ғали Орманов атындағы мектебі, Астана қаласы №15лицей, Астана қаласы № 40 мектеп-гимназиясы, Астана қаласы №60 мектеп, Ақтөбе облысы, Алматы қаласы №28 мектеп, ШҚО, БҚО Ақсай қаласы, Қарағанды облысы № 92 гимназия, Қарағанды облысы Жамбыл дарынды балалар мектеп-интернаты, Қарағанды облысы №78мектеп, Қарағанды облысы Абай қаласы №14лицей, Қостанай облысы физика–математикалық лицей, Қызылорда облысы Ақтан батыр мектебі, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы Баянауыл мектептері қатысты.

    «Әдебиет музейлері» номинациясы бойынша Жамбыл облысы Меркі ауданы Темірбек Қожакеев атындағы  №39 ЖББМГ музейі І дәрежелі дипломмен, сондай-ақ мектеп ұжымына алғыс хат, қатысушы Жамшыбек Аяулым мен музей жетекшісі Отарбаева Гульнур Аликқызы дипломмен  марапатталды. Сыйлыққа электронды оқулық оқитын құрылғы тарту етті.

ІІ дәрежелі дипломмен Астана қаласы №7 Ғали Орманов атындағы мектебі марапатталды.Сыйлыққа электронды сағаты берілді.

ІІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласы Баянауыл Шәкен Айманов атындағы мектебі марапатталды. 

ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырды ұштастырып, Кеңестік дәуір мен Тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресіне қанық болған, өшкенімізді жандырып, өлгенімізді тірілткен ұлы ғалымның есімімен аталатын мектепте шәкірт болып, білім-ғылым нәрін сіңіріп жүргенімді  мақтан етемін.

 

 

 

 




Вернуться назад