DataLife Engine > Жаңалықтар > АУДАНДЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ

АУДАНДЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ

   Желтоқсан айының 20-шы жұлдызында №39 Темірбек Қожакеев атындағы мектеп-гимназиясында базасында аудандық мектеп директорлар кеңесінің  «Білім беру мазмұнын жаңарту жайындағы орта білім беру жүйесін дамыту саясатын жүзеге асыру әдістері мен стратегиясы» тақырыбындағы семинар- практикумы өткізілді. Ауданымыздың білім беру ұйымдарының 42 білім мекемелерінің  басшылары қатысты.

   

 Семинар-практикумның мақсаты: Жаңартылған білім беруге көшу жайында оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтай отырып, тәжірибеге енгізілу жолдары қарастырылды.

       Teachers шығармашылығын құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағыттау, орта білім беруде жаңа әдістемелер мен технологияларды тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету, баланың өмірге және қоғамға қажетті әлеуметтік тәжірибені игеріп алуына және қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға, оны белгілі бір болашақ кәсіпке даярлау, үш тілді білім беруді енгізу арқылы жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру міндеттерін қойды. Семинарды аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушсі Г.Қ.Таңатова ашты.

 

         Практикалық бөлімінде мектеп директорлары А. Сұлтанованың «Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті\ұлы даланың жеті қыры» атты зерттеу сабағына, «Electric field» Ә.Байболатовтың CLIL практикалық сабағына қатысты. Қазіргі заманғы мектептегі робототехника және IT үйірме жұмыстары мен «Қожакеевтанушылар» әдеби-танымдық клубының шығармашлық жұмысымен танысты.

       Теориялық бөлімінде биология пәнінің мұғалімі Д.Бопиева «Пән мен тілді кіріктіріп оқытудағы CLIL әдісінің ерекшеліктері» туралы ақпарат берді. Үштілділікті енгізуде кезең-кезеңімен ілгерілету бойынша атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғалды. Сөз соңында Білім беру мазмұнын жаңарту жайында орта білім беру жүйесін дамыту мақсатында мектептегі барлық атқарылған мәдени, ғылыми білім саласындағы жеткен жетістіктер мен атқарылған іс-шаралар бойынша  мектебіміздің директоры Қалқабаева Асипа Асанқызы баяндап берді.

 

Семинарға қатысқан мекеме басшылары аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетіне және №39Темірбек Қожакеев атындағы мектеп-гимназия ұжымына алғыстарын айтып,  маңызды семинар өткендігі туралы ой бөлісіп, «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс берілді.

 




Вернуться назад