DataLife Engine > Жаңалықтар > TIMSS-2019 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНЕ ДАЙЫНДЫҚ

TIMSS-2019 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНЕ ДАЙЫНДЫҚ

     Жамбыл облысы  әкімдігі  білім басқармасының оқу – әдістемелік   кабинетінің 02.10.2018 жылғы № 01-05/1372 хатына сәйкес, 04.10.2018 Меркі аудандық әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасының  білім беруді  және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында  2019 жылдың  сәуір айында 4 және 8  сыныптарда TIMSS-2019 негізгі зерттеуінің жүргізілуіне байланысты хатының негізінде TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша іс – шаралар жоспары жасалынды.Зерттеуге ауданымыздағы Темірбек Қожакеев атындағы №39ЖББМГ және Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖББМ түсті. Аталған мектептер қатаң бақылауға алынып, 4,8 сынып оқушыларының математикалық және ғылыми жаратылыстану бойынша білім сапасын арттыру мақсатында түрлі тесттер, сауалнама,тренингтер жүргізуде. Қараша айында  зерттеуге түскен аталған мектептердің мектеп директорлары мен бастауыш сынып мұғалімдері және математикалық ғылыми жаратылыстану пәндерінен сабақ беретін пән мұғалімдері Тараз қаласында өтілген «TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі: дайындық жұмыстары мен зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбындағы  оқыту семинарына қатысып, кең көлемде ақпарат алып келді.  

 




Вернуться назад