DataLife Engine > Жаңалықтар > СЕЙДХАН ІҢКӘР- РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕ» БАЙҚАУЫ

СЕЙДХАН ІҢКӘР- РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕ» БАЙҚАУЫ

   Жыл сайын 1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» байқауы өткізіледі. «Зерде» байқауының негізгі мақсаты - оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен зияткерлік шығармашылығын мектеп жасынан бастап дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту, қабілетті және дарынды балаларды анықтау. Байқау 3 кезеңде өткізіледі. «Зерде» байқауының аудандық кезеңі желтоқсан айында өткізілді. Байқауға ауданның 15 мектебінен 39 оқушы қатысты. Олардың ішінен жеңімпаз 4 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Қаңтар айында болған  «Зерде» байқауының облыстық іріктеу кезеңіне №1 ЖББМ- тен 4 сынып оқушысы Қазбек Нұрдина, №14 ЖББМ- тен 3 сынып оқушысы Мырзаханов Абылай, №39 ЖББМ- тен 7 сынып оқушысы Сейдхан Іңкәр, №44 ЖББМ- тен 6 сынып оқушысы Жолды Алина қатысып, №39 ЖББМ- тен Сейдхан Іңкәр (мұғ. Д.Исакулова) жұмысы үздік деп бағаланып, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

    Республикалық кезең  Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан, «Балдәурен» Республикалық оқу - сауықтыру орталығында  қаңтардың  30-1  аралығында өтті. Республиканың түкпір – түкпірінен келген жас зерттеушілердің үлкен додасында Темірбек Қожакеев атындағы жалпы білім беретін мектеп- гимназиясының 7 сынып оқушысы Сейдхан Іңкәр тарих секциясы бойынша «Отбасымның шежіресі» тақырыбындағы зерттеу жұмысымен  ерекшеленіп,  ІІІ дәрежелі дипломмен және 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XIV «Зерде» республикалық конкурсына қатысқандығын растайтын арнайы сертификатпен марапатталды.

 

 




Вернуться назад