ТӘҢІР БЕРГЕН ТӘТТІ ӨНЕР!
№1 Қ.Жандарбеков атындағы балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен «Тәңір берген тәтті өнер» атты кездесуге мектептің ардагер ұстаздары қонақ ретінде шақырылып, төрден орын алды. Сондай – ақ, Республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орын алған дарынды оқушылар мен олардың ата – аналары қатысты. Кешті домбыра сыныбының ұстазы Ғазиза Мырзақова жүргізіп, алғашқы сөз кезегін алған мектеп директоры Нұржан Жұмалиев өзінің ізгі лебізін жеткізді.
Мерекелік кеш халықаралық байқаудың жеңімпазы Д. Жарылқасынның орындауында «Жаса ұстаз» әнімен ашылып, мектеп шәкірттері өздерінің ұстаздарына деген сүйіспеншіліктерін әнмен, күймен кешті қыздыра түсті. Кеш барысында ардагер – ұстаздарға, ата – аналарға қызықты сұрақтар қойылып, мәнді де мағыналы жауаптар берілді.
Концерттік бағдарламада Дәулет Олжас орындаған «Жұмыр қылыш» күйі, Ислам Эргашев айтқан «Махаббатсыз өмір» әні, халықаралық байқау жеңімпазы Нәрікбай Еркебұланның орындауындағы Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі орындалды. Құрметті қонақтарға сөз беріліп,ардагер ұстаздар жылы лебізін білдірді.
Кеш соңында директордың орынбасары Қалқатай Базарқұл қорытындылады.
Вернуться назад