МЕРКІ АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША МӘЛІМЕТ
Аудандағы 36 жалпы білім беретін мектептің 31-інде (86,1 %) асхана бар. Бұл мектептер оқушылардың толыққанды тамақтануына жағдайлар жасап, білім алушыларға ақылы және тегін негізде тамақтандыруды ұйымдастыруда.Биылғы жылдың қазан айында бюджет есебінен және ата-аналар есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен 16706 оқушы, яғни 98,8 % бала қамтамасыз етілуде.Жалпы аудан бойынша мектептегі балалар саны- 16907, оның ішінде 110 оқушы, яғни 1 пайызы үйде оқытылады, қалған оқушылар бір реттік мектептік тамақтандырумен қамтылған.
Жалпы білім беретін мектептерде әлеуметтік көмек алуға құқығы бар білім алушылардың жекелеген санаттарына жататын 4150 оқушы, 100% тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Бүгінгі таңда әр оқушыға бөлінген ыстық тамақтың бір күндік құны- 550 теңгені құрайды. Оқушыларды тегін тамақтандыруды жеке кәсіпкер «Қарабаев Т.» ұтып алып, 31 мектепте білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруда.
Білім бөлімі жанында қызмет атқаратын тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ мектептердегі тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторинг жүргізіп, оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауда.
Вернуться назад