DataLife Engine > Жаңалықтар > «Мектепке дейінгі мекемелерде үш тілде оқу қызметінде пайдаланатын дидактикалық ойындар»

«Мектепке дейінгі мекемелерде үш тілде оқу қызметінде пайдаланатын дидактикалық ойындар»

  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балбөбек» бөбекжай-бақшасында аудан көлемінде «Мектепке  дейінгі мекемелерде үш тілде оқу қызметінде пайдаланатын дидактикалық ойындар»  атты семинар өткізілді.  Қазақстан Республикасының призиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егер біздің балаларымыз үш тілде қатар сөйлесе бұл біздің еліміздің  күшейтіп, болашаққа сенімізді арттырады деген еді.  Үш тілділікті қалыптастыруды  балабақшадан бастау туралы  айтты. Осы ағалық  тілекті алдарына мақсат етіп қойған ауданымыздағы «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы өз балдырғандарына үш тілде оқытуды

   

дидактикалық ойындар арқылы, танымдық қабілеттерін дамытуды қалыптастыру,ойын арқылы балалардың денсаулықтарын нығайту, салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстарыды жүзеге асыруда жақсы жұмыс жасауда. Семинар барысында бөбекжай-бақшасының әдіскерінің баяндамасы тыңдалып, дидактикалық ойын жайлы  айтылып өтті. Қазіргі заман талабына сай жасалған көрнекі құралдарды да таныстырып өтті. Бүгінгі аудандық семинарда үш  кіріктірілген ашық оқу қызметі өткізілді. Атап айтар болсақ ағылшын тіл жетекшісі Беридзе Фатима мектепке дейінгі ересек жас «Қарлығаш» тобында «Бауырсаққа көмек», мектепке дейінгі естияр жас «Көгершін» тобының тәрбиешісі Джақсымбетова Мерует «Ғажайып пішіндер» ал Мектепке дейінгі ересек жас «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Мавлюдова Лейла  «Жыл мезгілдері» тақырыптарында өздерінің ашық оқу қызметтерін өткізді. Аудандық семинарға  «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы ұтымды бағдарламалар дайындаған бұл бойынша  бөбекжай-бақшасында дәстүрге айналып қалыптасып үлгерген оқытудың өзіндік методикасы көрсетілді. Аудандық семинарға қатысушыларға бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері өздерінің игерген білімдерін көрсете білді.

Бөбекжай-бақшасының қызметіне ата-аналар дән риза. Аудандық семинардың негізгі міндетті балаларды шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін, баланың дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа  материалдарды меңгеруге байланысты ұйымдастырылыған ашық оқу қызметтерін  ұйымдастыру және оқу процесіне жаңа ақпараттық технологиядан мүмкіншіліктерін  пайдалану болса «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы бұл үдеден шықты.




Вернуться назад