Аудандық«Ұлттық аспаптар шебері» байқауы
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында ұлттық бірегейлігімізді сақтау үшін «Ертөстік» бөбекжай-бақшасында «Ұлттық аспаптар шебері» атты байқау болып өтті.
Мектепке дейінгі мекемелерде еңбек ететін саз жетекшілерінің арасында осындай сайысты ұйымдастыруда негізінен, ұстаздардың кәсібилілігі мен мәртебесін олардың іс-әрекеттерінің тиімділігін көтермелеу мақсатқа алынып, әрбір педагогтың таланты мен дарынды анықтау міндеті алға қойылған еді.
Дәстүрлі байқау сыны үш кезеңнен тұрды. Оған ауданымыздың 4 бөбекжай-бақшасының саз жетекшілері қатысты. Атап айтсақ, олар «Нұршуақ» бөбекжай бақшасының саз жетекшісі Мусілім Қазбек, «Балауса» бақшасынан Шегетаева Әлима, «Балдырған» бақшасының Ташметова Рауза, «Балбөбек» бақшасынан Назарбекова Ұлбосын болатын. Бұл өнер сайысы, әсіресе, ұстаздар үшін өте маңызды еді. Себебі, бұл- ұстаз шеберлігін анықтауға жол ашатын, оның үздіксіз жүргізіп отырған еңбегінің нәтижесін көрсететін, өзара тәжірибе алмасатын үлкен өнер сайысы болып табылады.
Ауданымызда балабақша ұжымдары қол жеткізген, ауыз толтырып айтатын қомақты жеңістеріміз де жеткілікті. Жыл сайын осындай жарыстар белгілі бір мамандық бойынша өтіп отырады. Биылға байқау ұлттық аспап орындаушылары арасында ұйымдастырылды.
Балабақша саз жетекшілерінің бұл іс-шараға жоғары деңгейде дайындалғандары көрініп тұрды. Өнерлі педагогтарымыз өз өнерлерін таныстыру рәсімімен ашып, алдын ала белгіленген шығармаларды ұлттық аспаптарда шеберлікпен орындады. Байқауға қатысушылар біздің ата-бабамыздан мұра болып қалған қасиетті домбырада, саз сырнай мен жетігенде ойнап өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.
Атап айтар болсақ, Абай Құнанбаевтың «желсіз түнде жарық ай» атты шығармасын Мусілім Қазбек домбырамен шертіп, бабына келтіре орындаса, Құрманғазының «Балбрауын» күйін Назарбекова Ұлбосын орындап, күйдің құдіретін тағы да бір танытып өтті. Ташметова Рауза атты қатысушымыз «Анаға салем әнін» домбырамен қоса салса, ал Шегетаева Әлима «Ақсақ киік» күйін жетіген мен саз сырнайдың сүйемелдеуімен орындап, шеберлігін таныта алды.
Осылайша қазағымыздың ұлттық өнері мен мазмұны бай туындыларын көрермендерге жақсы деңгейде көрсете алған ұстаздарымыз рухани жаңғыруда алға міндет етіп қойылып отырған мәселелерге үн қоса білді. Бұл байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлдені «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының саз жетекшісі Мусілім Қазбек иемденіп, облыстық байқауға жолдама алды. Бірінші орынды «Балауса» бөбекжай-бақшасынан Шегетаева Әлима жеңіп алса, екінші орынды «Балдырған» бөбекжай-бақшасынан қатысқан Ташметова Рауза, ал Үшінші орынды Балбөбектік Назарбекова Ұлбосын бөлісті.
Жалпы бүгіндей барлық технология атаулы бойынша дамыған жаһандану заманында, ХХІ педагогына қойылатын талаптар өте жоғары екені белгілі.Тек білімді, білікті маман болу жеткіліксіз. Қазіргі заман ұстазына тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-эканомикалық және ақпараттық сауаттылық та қажет. Сондықтанда саз жетекшілерінің әрбір оқу іс-әрекеттерін мазмұнды, мемлекет стандартына сай, балаларға ұнамды етіп ұйымдастыра алуы өте көп ізденістерді қажет етеді. Ал, осындай байқаулар соған «қамшы» болары анық.
Заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық қазақстан азматтарының алдында тұр. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтқандай, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, бәсекеге қабілетті болу, ата-бабамыздан қалған асыл мұрамызды сақтау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу- әдістемелік кабениеті облыстық «Ұлттық аспаптар шебері» аты байқау өткізді. Байқау мектепке дейінгі ұйымдардағы саз жетекшілерінің қабілеті мен мәртебесін, олардың іс-әрекетінің тиімділігін көтермелеуге, шығармашылық әлуетін, этнопедогогика арқылы кәсіби деңгейін арттыруға бағытталды. Меркі ауданында өткізілген аталмыш байқаудың бас жүлдегері «Нұршуақ» бөбекжай–бақшасының саз жетекшісі Мүсілім Қазбек Қанатұлы облысқа жолдама алған болатын. Бұл байқауда 11 ауданнан жеңіске жеткен бас жүлде иегерлері сынға түсті. Мусілім Қазбек өз өнерін аса шеберлікпен көрсете алды, көрермендер мен әділқазы алқаларының көңілінен шығып, екінші орынды өз қанжығасына байлады. Осы байқаудың жас маманға берер нәтижесі аса зор. Жас маман үшін бұл үлкен көрсеткіш, биік белес. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» - деген халқымыздың сөзі бар. Ұстаздық еңбек жолына жаңа қадам басқан жас маманның талабы зор. Жас маманға сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз- өз шәкіртінің өмірге қөзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге қол ұшын беретін, бала санасына ұлттық тәрбие дәнін егіп, адамгершілік нұрын шашатын ерекше тұлға. Кемел ұстаз ғана өз ұлтының жанашыры болатын балалрды тәрбиелей алады.
Аудандақ «Өнерлі тұлға бейнесі»
Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың қараша айының 3 жұлдызында «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының арасында «Өнерлі тұлға бейнесі» атты байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы бейнелеу өнері педагогінің кәсіби беделін арттыру, жас мамандарға қолдау көрсету, үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында өткізілді.
Байқауға Меркі ауданының 13 бөбекжай-балабақшасының педагогтары қатысты.
Атап айтсақ олар: «Нұршуақ», «Арайлы», «Санаторный», «Балдырған», «Бүлдіршін», «Айым», «Айбөбек», «Қарлығаш», «Бөбек», «Балбөбек», «Ертөстік», «Балапан», «Ақбота».
«Өнерлі тұлға бейнесі» атты байқауының да талаптары өте жоғары болды. Байқаудың өтілу реті 4 кезеңнен тұрды.
Бұл байқауда ерекше болған 3-ші кезең еді, бұл кезеңде педагогтың өзінің шығармашылығы анықталды. Педагогтарымыз әр-түрлі қол өнерлерін көрсетіп, көрермендерді тәнті етті. Байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық жұмысында ата-бабамыздан мұра болып қалған өю өрнектерімізді қолданып киізден әр-түрлі қыз–келіншектерге қажетті бұйымдар тігіп оған моншақтан өюлар жапсырған жұмыстары өте керемет болды, нағыз «Ұлттық бірегейлігімізді сақтап» осындай байқаулар жиі болып тұрса ата-бабамыздан мұра болып қалған өнегіліде тәрбиенің берері мол деп сенеміз.Байқауда әділ-қазы алқалары қатысушылардың тиісті бағасын бірден ашық түрде көрсетіп отырды. «Өнерлі тұлға бейнесі» атты аудандық байқауының бас жүлдесін «Санаторный» бөбекжай бақшасының педагогы І –ші орынды «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі КокталЖансая жеңіп алды. Екінші орынды «Бөбек», «Айым» бөбекжай бақшасының педагогының еншісіне келіп түсті. «Балапан»,«Балбөбек» бөбекжай-бақшалары үшінші орынмен жал қалған педагогтарымыз алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен байқауға қатысу дегеніміз іс-тәжірибе алмасу, шыңдалу, жігерлену деп білді балабақша педагогтары.
Вернуться назад