DataLife Engine > Жаңалықтар > №21 жалпы білім беретін мектебінде «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты білімгерлермен кездесу кеші

№21 жалпы білім беретін мектебінде «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты білімгерлермен кездесу кеші

№21 жалпы білім беретін мектебінде «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты білімгерлермен кездесу  кеші

 

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

 

-деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Әр адам өз қабілетіне , икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Осы орайда мектеп психологтарының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 17 қаңтар күні мектепте «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты білімгерлермен кездесу  кеші өтті. Кездесу кешіне 9-11-сынып оқушылары қатысты. Іс –шараның  мақсаты: Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу, оқушыларға болашақ мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Кездесуге әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері келді: Наурызбай А., Исабекова А., Алпысбай Б., Саметов О., Ауесбек А., Кенесбек М., Назарбек А.

Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын «Қандай мамандықты таңдаймын?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор. Сонымен қатар ҰБТ-ге қалай дайындалу керек, қалай дайындалған тиімді, ҰБТ тапсырудың жолдары, тапсыру күніндегі қиындықтар жайында сөз қозғалды. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.

 

 

 
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

«Мамандықтар тізбегі»- ойыны жүргізіліп, қатысып отырған әр білімгер өз мамандығымен, қиындықтары мен қызықтары, қалай оқуға түскендігі жайында айтып өтті. Мысалы: Алпысбай Бағдат  Алматы қаласында  Абай атындағы мемлекеттік университетте «Педагогика мен психология» мамандығы бойынша гранттық жүйеде  және Ауесбек Асима аңшылық және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша гранттық жүйеде оқып жатқандығы өздеріне осы мамандық ұнайтындығы жайлы айтып өтті, Наурызбай Алина С.А. Асфендияров атындағы медициналық университетінде «жалпы медицина» мамандығы бойынша ақылы негізде білім алып, медицина мамандығының өз қызығы мен қиыншылығы жайында айтты, Исабекова Алина  «дефектология» мамандығы бойынша ТарМПУ да ақылы негізде оқып жатса Кенесбек Мадияр мен Назарбек Алибек (сырттай) «Спорт және туризм» мамандығы бойынша ТарМУ – да білім алып жатқандығы айқындалды. Саметов Олжас Алматы қаласында көпсалалы колледжде

«Автотранспорттық бақылау жүйесі» мамандығы бойынша 3 курста білім алып өзі оқитын мамандығы өзіне ұнайтындығы жайында айтып өтті.

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде айтылған сөздермен ақыл-кеңестерге көңіл бөліп жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін! деп қорытындыланды.




Вернуться назад