DataLife Engine > Жаңалықтар > Меркі ауданында облыстық «Ашық білім басқармасы» акциясының кезекті жиналысы өткізілді.

Меркі ауданында облыстық «Ашық білім басқармасы» акциясының кезекті жиналысы өткізілді.

 Меркі ауданында облыстық  «Ашық  білім  басқармасы» акциясының  кезекті  жиналысы өткізілді.

Бірінші   мәселе  бойынша  облыстық  білім  басқармасының   басшысы, топ  басшысы  Тұрмаханбетова  Рахия  Сейтбековна  сөз  алды. Облыстық  «Ашық  білім  басқармасы»  акциясының  басты  мақсаты  мен  міндеттерін  таныстырды.  Жаңа  оқу  жылының  негізі  міндеттерін  атап  өтіп, жаңа  оқу  жылына  дайындық  барысы, жаңартылған  білім  беру  жүйесі  мен  ерекшеліктеріне  тоқталды.

Екінші  мәселеде  облыстық  «Ашық  білім  басқармасы» акциясы  барысында  қаралған  мәселелер талқыланды.

Мектепке  дейінгі   тәрбие  беру  бөлімінің  бас  маманы  Мераимова  Айна  Момынжанқызы   Меркі   ауданында  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  14400  бала тәрбиеленіп, оның  ішінде  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымына  балаларды  қамтуда 1-6 жас  аралығында  39,8 %, 3-6 жас  аралығында  56%  қамтитынын  атап  өтті. Сонымен  қатар, акция  барысында   қойылған  сұрақтарға  тоқталып, мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  дәстүрлі  емес  сабақтар, ойын  түрінде  жүргізілетіндігін  айтты.

Білім  басқармасының  кәмелетке  толмағандардың  құқық  бұзушылығының   алдын  алу  бөлімінің  басшысы   Дәрібаева  Гүлзира  Лесбайқызы  білім  мекемелерінде  оқу- тәрбие  бағытында  адамгершілік-патриоттық   бағыты  бойынша  жүйелі  жұмыс  жүргізілп  жатқандығы,  ҚР  Президентінің  «Рухани  жаңғыру»  мақаласы жарияланғандығын,  «Өлкетану», «Кітап білім  бұлағы», «Саналы  азамат», «Отаным  тағдырым»  атты  4 бағыт  бойынша  жүйелі  жұмыстар  жүргізілу   керектігін   атап  өтті. Білім  күні «Мен  өз  елімнің  патриотымын»  тақырыбында  сабақ  өтетіндігін  хабарлады. Акция  барысында   қойылған  келелі  сұрақтарға  нақты  жауап  беріп, оның  ішінде  ата-аналардың  жұмыс  барысымен  қалаға  не  басқа  өңірге  кетуіне  байланысты   балаларын   ата-әжесіне  тастап  кету жағдайында   қолхат  алу  керектігін, күнделікті  сатып  алуда   ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігімен  бекітілген, сырты  мен  ішкі  жағы  эстетикалық  талғамға  сай  болуын  ескеру  қажеттілігін   айтты.

Өз  кезегінде  облыстық  білім  басқармасының   қорғаншылық  пен  қамқоршылық  бөлімінің  басшысы  Керімбеков  Мұхтар  Амангелдіұлы  аудандағы  қамқоршылық  пен  қорғаншылыққа  байланысты  мәселелерге  назар  аударды. Қамқоршылық   бойынша  мемлекет  тарапынан  төленетін  жәрдемақы  туралы  түсінік  берді.

Қамқоршылар  мен  қорғаншылықта  тәрбиеленген  балаларды  тасымалдау  мен  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  мәселесіне  аса  назар  аударып, ауданда  67  бала  бар  екендігін, оның  ішінде  тұрғын  үйге  29 % -ы ғана  тізімге  қойылғандығын  ескерді.

Облыстық   білім  берудің  бірыңғай  ақпараттық  жүйесі  орталығының  директоры  Бесінбаев  Сағадат  Жұматұлы  «E-Learning»  жүйесі  бойынша  мәлімет  бере  отырып, электронды  күнделікті  енгізу  мәселесін  түсіндірді. Ауданда  32  мектептің  28 мектебі  интернетке  қосылғандығын, дегенменде  интернет  қауқарының  жетпейтіндігі, осыған  байланысты  интернет  сапасын  жоғарылату  мақсатында  16 млн-нан  астам  теңге  қаржы  бөлінгендігін  атап  өтті. Кең  ауқымды  интернетке  қамтуда  қызмет  көрсететін  «Қазтелерадио», «АСТЕЛ»  компанияларды  атап , интернетке  қосылу  барысында  4 мгБ не 2 мгБ  көрсетіп, «wi-fi»  жүйесін  жүргізу қажеттілігін  түсіндірді.

Келесі  кезекте облыстық  білім  басқармасының  жалпыға  міндетті   орта  білім  беруді  ұйымдастыру  бөлімінің  бас  маманы  Есеев  Саясат  Керімбекұлы  2016-2019  оқу  жылына  арналған  кешенді  білім  бағдарламасына  назар  аударып,  үш  тілді  білім  беру  жүйесіне  көшуде  тарих  пәні  қазақ  тілінде, 7 сыныптарда  жаратылыстану  пәндері  ағылшын  тілдерінде    жүргізілетіні  туралы  түсіндіріп, ауданда  ұстаздардың   осы  мәселеге  байланысты  курстардан  өтіп  жатқандығын   айтты. Сонымен  қатар, үй  тапсырмасы  мәселесіндегі  ерекшеліктерге   тоқталып  өтті.

Инклюзивті  білім  берудегі  басты  мәселенің  бірі   ауданда  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  16%, мектептерде  47%  пандустар  орнатылғандығын, мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  әжетхананы, жоғары  қабаттарға  көтерілетін  лифт не  баспалдақтарды  орайластырып, қарастыру   қажеттілігін  атап  өтті.  Ауданда  шалғай  орналасқан  3 бастауыш  мектеп, 9 негізгі   мектеп  бар  екендігін, ондағы  балаларды  мектептерге  тасымалдау  мәселесіне  баса  назар  аударды. Оқушыларды  бір  мезгіл тегін  ыстық  тамақпен  қамтуда  аз  қамсыздандырылған  отбасы  балалары  100%  қамтылғандығын, 1-сынып  оқушыларының  бір  мезгіл  тегін  ыстық  тамақпен  қамту  мәселесі  қарастырылып  жатқандығын  айтты.

2017 жылдың   1 тамыз-30 қыркүйек  аралығында  республикалық  «Мектепке  жол»  акциясы  жарияланғандығын, ауданда 2016-2017  оқу  жылында  акция  барысында  942 балаға , оның  ішінде 1 балаға  7200 теңге  көлемінде  қаржыға  материалдық  көмек  көрсетілгендігін  атап  өтті. Бұл  қаржы  баланы  оқуға  дайындауға  аздық  ететінін  ескеріп,  биылғы  жылы  материалдық   көмек  көрсету  қаражатын   қарастыру  керектігін  ескертті. Ата-аналарға  облыстық  білім  басқармасында  «Сіздің  балаңыз  мектепке  дайын  ба?»  атты  сайт  жарияланғандығын  хабарлады. Сонымен  қатар, биылғы  жылы   тегін  кәсіптік  білім  беруде  5000  грант  бөлінгендігі  туралы, әлеуметтік  жоба «Серпін»  бойынша  9 өңірде  24 жоғары  оқу  орны, 22  колледжге  оқуға  түсуге  мүмкіндік  бар  екенін  насихаттады.

Осы  орайда  №19 орта  мектептің  ата-анасы  сұрақ  қойды: - Мен  көпбалалы  ата-анамын, 4 балам  мектепте  оқиды, бірақ  мектеп  тарапынан  балаларыма    материалдық   көмек  көрсетпеді.

Керімбеков  Мұхтар  Амангелдіұлы  сұраққа  нақты  жауап  беріп, мектепке   көпбалалы  отбасы  ретінде  тіркеліп, көмек алуға  болатынын  түсіндірді.

Үшінші  мәселе  бойынша  аудандық  білім  бөлімінің  басшысы   Есенов  Сәкен  Бөрібайұлы  сөз  алды.  Жаңа  оқу  жылына  білім  беру  ұйымдарының  дайындығы  туралы   нақты  мәлімет  бере  отырып, Аралқыстақ  ауылында  50 орындық  мектеп , 600  орындық  №9 Савва  атындағы  орта  мектеп  салынып, биылғы  жылы  пайдалануға  берілетіндігін  айтты. Қысқы  дайындық  барысында  2992  тонна  көмірдің  80%  қамтылғандығын, №2 ,№11, №48,№44  орта  мектептерінде  күрделі  жөндеу  жұмыстардың  жүргізіліп  жатқандығы  туралы  мәлімдеді. Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарына  балаларды  қамту 16%-дан 32%-ға дейін көтерілгендігін, ауданда  жеке меншік  балабақшалардың  саны  артылғандығын  атап  өтті.

Республикалық  «Мектепке  жол»  акциясы  барысында  аз  қамсыздандырылған  отбасы  балаларына   6 млн 101 мың  теңге  көлемінде  материалдық   көмек  көрсетілгендігін  мәлімдеді. Биылғы  жылы  барлық  мектептерде  оқушылардың  бірыңғай  мектеп  формасы  бойынша  ата-аналармен  түсіндіру  жұмыстары  жүргізіліп, оның  ішінде  діни  атрибуттарды  пайдалануға  жол  берілмеуі  қатаң  бақыланып, мектеп  формасы  талапқа  сай  енгізілетінін  туралы  қысқаша  мәлімет  берді.

Облыстық  білім  басқармасының  басшысы  Тұрмаханбетова  Рахия  Сейтбековна  аудандық  білім  бөлімінің  басшысына  келелі  мәселелер, яғни, мектептердегі  бейне  бақылау  мәселесі  қалай  жүргізіліп  жатқандығы, 14  мектептің  спорт  залының   жоқтығы, ҰБТ және  ОЖСБ  бойынша   білім  сапасы  төмен  мектептер  туралы    сұрақтар  қойды.

Осы  орайда  аудандық  білім  бөлімінің  басшысы  Есенов  Сәкен Бөрібайұлы  нақты  жауап  берді. Атап  айтсақ, аудандағы  барлық  мектептерде    бейне  бақылау  жүргізілгендігін,  9  бастауыш  мектепте  спорт  зал  жоқтығын, №23  орта  мектепте  спорт  залдың жоқтығына  байланысты  қысқы  мезгілде  ұлттық  ойындар  жүргізілетіндігін, ҰБТ  бойынша  білім  сапасы  орта  есеппен  81,9 %, төмен    пайыз  алған  №1, №30, №23  орта  мектептері  екендігін  мәлімдеді.




Вернуться назад