«Мәңгілік Ел – қазақ елінің болашағы» атты аудандық ғылыми жоба
Елбасымыз халқына жолдаған «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел –ата бабаларымыздың арманы», «Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет» - деген болатын. Міне бүгінгі жас ұрпақ Мәңгілік Қазақтың Ұлттық Идеясы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруда.
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 30 наурыз күні № 48 орта мектебінің Акт залында «Мәңгілік Ел – қазақ елінің болашағы» атты ғылыми жоба байқауы өткізілді.
Ғылыми жобаның мақсаты: оқушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық, ұлтжандылық, сезімін және өз бетінше ғылыми ізденіс жұмыстарында дағдыларын, ғылыми-зерттеушілік қабілетерін, қазақ халқының тарихын, ұлттық мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Жобаның ашылуын № 48 орта мектебінің директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Алипбаева Бақыт Иманбайқызы бастап, өзінің жылы лебізін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ғылыми жобаға Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскерілері Төлетбек Ардақ, Сансызбаева Гульвира, «Өркен» шығармашылық орталығының директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қошқарбаева Бақыт, Балалар мен жасөспірімдер «Үміт» сарайының директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ниязбекова Гүлшира төрелік жасап, өздерінің әділ бағасын берді.
Жобаның нәтижесі бойынша № 5 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Марат Айзере – 1 орын, № 1 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Сейдалы Айғаным – 2 орын, № 34 орта мектебінің 9 сынып оқушысы - Срайлова Камила – 3 орын иеленсе, № 4, №48 орта мектептерінің оқушылары Көктеубаева Жанерке мен Аманбек Балым алғыс хаттармен марапатталды.
Вернуться назад