DataLife Engine > Жаңалықтар > «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН «ТУҒАН ТІЛІМ ҚАЗЫНАМ, АЛТЫН КЕНІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА (ӨЗГЕ ҰЛТ ОҚУШЫЛАРЫМЕН) КӨРКЕМ СӨЗ ОҚУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН «ТУҒАН ТІЛІМ ҚАЗЫНАМ, АЛТЫН КЕНІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА (ӨЗГЕ ҰЛТ ОҚУШЫЛАРЫМЕН) КӨРКЕМ СӨЗ ОҚУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

         «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының  ұйымдастыруымен 2018 жылдың қыркүйек  айының 28 күні  аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің   базасында  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудағы  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілдер күніне орай «Туған тілім қазынам, алтын кенім» тақырыбында (өзге ұлт оқушыларымен) көркем сөз оқулары өткізілді.

        Көркем сөз оқуының мақсаты  Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік  тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын, Абай Құнанбаев,  Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин  т.б ақындарының   шығармаларын   насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген өзге ұлт оқушыларының  ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.

        Көркем сөз оқуының ашылыуын Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының директоры М.Алимбеков, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің   директоры Ж.Сүйімкулова  бастап,  өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, оқушыларға сәттілік тіледі.

Іс- шараға  №1, №7, №8, №9, №16, №17, №20, №21, №44, №48 жалпы білім беретін мектептерден 23 өзге ұлт оқушылары  қатыстырылды.

 

 

 




Вернуться назад