DataLife Engine > Жаңалықтар > ВЛАДИМИР САВВА АТЫНДАҒЫ №9 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ ОҚЫҒАН ЕСКІ МЕКТЕП ЖӨНДЕЛІП, ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ БОЛЫП АШЫЛДЫ

ВЛАДИМИР САВВА АТЫНДАҒЫ №9 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ ОҚЫҒАН ЕСКІ МЕКТЕП ЖӨНДЕЛІП, ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ БОЛЫП АШЫЛДЫ

   Мерейлі Меркі өңірінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасымыздың  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің қоғам қайраткерлері Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, Мақсұт Жылысбаевтар оқыған орыс-түземдік мектебі арнайы үкімет қаулысымен қайта жөнделіп тарихи мәдени ескерткіштер тізіміне ілінді. Мектебімізде «Тарихи-өлкетану» мұражай болып ашылды. Осы мерекелік іс-шарамызға  киелі Меркі жерінде  туып өскен, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып, ғылым мен  өнер саласында жүрген зиялы азаматтарымыз, ел ағаларымыз бен  қадірлі қонақтарымыз болды.

Мектебіміздің оқушылары «Тұрар туралы» әнді хормен жеткізсе, Айдарбек Арнат пен Үсербаева Майра-Тұрар Рысқұлов туралы толғаныстарын өлең нақышына  келтіріп жатқа айтты. «Үш алып» жайында бейнеролик көрсетілді.  Қаншама уақыттан кейін осындай асыл ағаларымыз оқыған мектеп жас ұрпаққа мұражай ретінде қайта оралды.

  Іс-шарамыздың екінші бөлімінде Тұрар Рысқұлов оқыған мектеп тарихи-өлкетану мұражайы болып лентасы қиылды. Лента қию рәсімі аудан әкімі  Өмірбеков Мейірхан Азатұлына, Еуразия Ұлттық Университетiнiң Әкiмшiлiк-шаруашылық жүйесiн басқарып отырған проректоры Байқонысов Ораз ағаға табыс етілді. Мұражайдың ішінде жазушы Ш.Мұртазаның шығармасы «Қызыл жебе» романынан оқушыларымыз  көрініс  қойды. Мұражайдың екінші, үшінші бөлмелерінде мектебіміздің дарынды оқушылары келген қонақтарға «Үш алып» жайында мол мәлімет таратты. Жиылған жұрт мұражай ішін аралап, өткенді еске алып, шашу шашып Елбасы айтқандай бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек деген сөзі бүгінгі біздің іс-шарамызға лайық айтылғандай.

 

 

 




Вернуться назад