МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ, ОҚУШЫЛАР «ҮМІТ» САРАЙЫНДА ІТ - СЫНЫП ҮЙІРМЕСІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ІТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ӨТКЕН ОЛИМПИАДАДАН ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
2018 жылдың 10 қарашасы күні «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ІТ технологиясы бойынша бірінші республикалық олимпиада болып өтті. Аталмыш шараға Республикамыз бойынша 5000 оқушы, ал оның ішінде Жамбыл облысы бойынша 278 оқушы қатысты. Бұл олимпиадаға Меркі ауданының білім бөлімінің «Үміт» оқушылар сарайының ІТ сыныбының 6 оқушысы қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты мектеп оқушыларының жаңа технологияға деген қызығушылығын арттыру, робототехника әдістерін бала бойына сіңіру болып табылады. Олимпиада үш бағытта болды: 1. Бағдарламалау 2. Робототехника. 3D үлгілеуі
Оқушылар олимпиадаға интернет желісі бойынша онлайындық режимде қатысты. Олимпиада нәтижесі 28 қарашада шығып, 30 қараша күні Тараз қаласындағы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында марапаттау рәсімі өтті. Республикалық олимпиадаға Жамбыл облысы бойынша қатысқан 278 оқушының ішінен Меркі ауданының білім бөлімінің Оқушылар «Үміт» сарайының ІТ сыныбының 2 оқушысы - Суюнбек Амир мен Тұрғанбай Нұрсұлтан Бағдарламалау бойынша Scratch міндеттерін шешу бағдарламасында жүлделі ІІІ орын иеленді. Аталған оқушылар ІІІ орынға Мақтау қағазы, қатысқандығы туралы лицензия, онлайн режимде 1 жыл бойы бағдарламалау бойынша STEM академиясында тегін оқуға серификат және 1 дана лего құрастырғышы берілді.
Вернуться назад