ҰСТАЗЫ ТАЛАНТТЫ БОЛСА, ШӘКІРТІ ТАЛАПТЫ БОЛАДЫ
2018 жылы Меркі ауданы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында дәстүрлі спартакиада ұйымдастырылып өткізілді. Білім бөлімінің бекіткен Ережесіне сәйкес спартакида бағадарламасына жеңіл атлетика, футбол, баскетбол (ұлдар, қыздар), волейбол ( ұлдар, қыздар), тоғызқумалақ, дойбы, шахмат, жеңіл атлетикалық кросс сынды спорт түрлері кірді.
Спартакиаданың негізгі мақсаты сыныптан, мектептен тыс уақытта сауықтыру сипатындағы әр-түрлі дене жаттығулармен жүйелі түрде өз бетінше айналысу әдеттерін қалыптастырып, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт түрлері бойынша облыстық жарыстарға қатысатын аудан құрама командаларын жасақтау.
Жарыстарға 29 жалпы білім беретін мектептер қамтылды. № 1 ЖББМ, № 5 ЖББМ, Т. Рысқұлов атындағы № 20 ЖББМ, № 14 ЖББМ, № 48 ЖББМ, А.Қосанов атындағы № 18 ЖББТМ, № 4 ЖББМ, № 28 ЖББМ, № 44 ЖББМ, № 6 ЖББМ, № 34 ЖББМ, Ә.Хасенов атындағы № 11 ЖББМ-нің командалары белсенді қатысты.
Жарыстардың спорт түрлері бойынша жалпы қортындысы төмендегідей болды:
I орын – И.Трубицын атындағы № 17 мектеп-гиназиясы
II орын - Т.Қожакеев атындағы № 39 мектеп-гиназиясы
III орын – В.Савва атындағы № 9 мектеп-лицейі
Жарыстар қортындысы бойынша орын алған мектептер білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
Әр жарыс соңында спорт түрлері бойынша аудан құрама командасы жасақталып, бұл командалар облыстық спартакиадаға қатысты. Біздің спортшылар облыстық жарыстарда аудан намысын жоғары деңгейде қорғап, жақсы натиже көрсетті.
2018 жылы өткен IX-шы мектеп оқушылары мен колледждер арасындағы облыстық спартакиада кортындысы бойынша Меркі ауданы ІІ орынды жеңіп алды.
Вернуться назад