DataLife Engine > Жаңалықтар > ҚАЗАҚСТАН TALIS – 2018 ЗЕРТТЕУІ

ҚАЗАҚСТАН TALIS – 2018 ЗЕРТТЕУІ

  2016-2019 жылдарға арналған білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан  TALIS – 2018 зерттеуіне алғашқы рет қатысып отыр. TALIS – мұғалімдер жұмысын, жұмыс жағдайын және мектептегі білім беру ортасын бағалауға бағытталған ең ауқымды халықаралық зерттеу.

    Сабақ беру мен оқытуға бағытталған нәтижелі білім беру саясатын қарастыруға  және өзгертуге мүмкіндік беретін сенімді, мерзімді және салыстырмалы деректермен (индикаторлармен) қатысушы елдерді қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінде  «TALIS – 2018» халықаралық зерттеуі өтті. Аталған мектепке Астана қаласынан «Ақпараттық – талдау орталығы» акционерлік қоғамы халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің директоры, ұлттық үйлестіруші Ерлікжан Сабырұлы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің жетекшісі, облыс үйлестірушісі Жамалбекова Шафиға Мамырханқызы келді.

 

 

 




Вернуться назад