«СЕРПІН» ЖОБАСЫ ӨМІРГЕ КЕЛДІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіретін әлеуметтік жобаның мақсаты - білікті мамандар даярлау. Бұл стратегияның өзегі еліміздің дамыған отыз елдің қатарына қосылу болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап, «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты әлеуметтік жобаны ұсынды. Осылайша, «Серпін» өмірге келді. Осы бағдарлама төңірегінде №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының базасында Жамбыл облыстық кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Есмурзаева Ляззат Аудановна оқушылар мен олардың ата – аналарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ляззат Аудановна кездесуге жиналғандарға «Бірегей бағдарлама мыңдаған жастардың Батыс пен Шығыс, Солтүстік Қазақстанда білім алуына жол ашты. Кәсіптік-техникалық колледждер мен ЖОО-да сапалы білім алып жүрген жастар осының дәлелі. Мұның тағы бір артықшылығы - студенттерге арнайы сыйақы төленіп, жатақханаға орналасады, оқу орнын бітірген соң, жұмысқа орналасуына да мүмкіндік мол» екендігін атап өтті. «Серпін» жобасының басты мақсаты - жастарды еңбек күші жоғары өңірлерден жұмысқа жарамсыз тұрғындардың саны басым облыстарға тарту. Елбасы бұл мәселеге былтырғы Жолдауында ерекше тоқталып, тапсырған болатын. Еңбек күші көп шоғырланған Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары. Бұл көрсеткіш өзгерген жоқ. Себебі бұл облыстарда тұрғын саны көп және туылу деңгейі жоғары»,- деп жалғастырды өз сөздерін ЖЖО – нан келген өкілдері Д.Сарыбаев.,Ж.Қажымұратова.,У.Сұймуханов.,Т.Жомартов.
Вернуться назад