TIMSS-2019 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНЕ ДАЙЫНДЫҚ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу – әдістемелік кабинетінің 02.10.2018 жылғы № 01-05/1372 хатына сәйкес, 04.10.2018 Меркі аудандық әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың сәуір айында 4 және 8 сыныптарда TIMSS-2019 негізгі зерттеуінің жүргізілуіне байланысты хатының негізінде TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша іс – шаралар жоспары жасалынды.Зерттеуге ауданымыздағы Темірбек Қожакеев атындағы №39ЖББМГ және Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖББМ түсті. Аталған мектептер қатаң бақылауға алынып, 4,8 сынып оқушыларының математикалық және ғылыми жаратылыстану бойынша білім сапасын арттыру мақсатында түрлі тесттер, сауалнама,тренингтер жүргізуде. Қараша айында зерттеуге түскен аталған мектептердің мектеп директорлары мен бастауыш сынып мұғалімдері және математикалық ғылыми жаратылыстану пәндерінен сабақ беретін пән мұғалімдері Тараз қаласында өтілген «TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі: дайындық жұмыстары мен зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысып, кең көлемде ақпарат алып келді.
Вернуться назад