«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ХІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
2019 жылдың 25 қаңтар күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектептің базасында «Жарқын болашақ» ХІ республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, дамыту, қазақ тілінен ерекше дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету.
Олимпиадаға 7-11 сынып оқушыларынан 144 оқушы, оның ішінде – 116 қазақ тілді мектептерден және 28 орыс тілді мектептерден өзге ұлт өкілдері қатысты.
Олимпиаданы өткізуде «Жарқын болашақ» ХІ республикалық қазақ тілі олимпиадасының ережесі басшылыққа алынды. Олимпиада 5 бағытты қамтыды.
- «Тілші-әдебиетшілер» (қазақ тілі мен әдебиетінен тест тапсырмаларын орындау)
- «Жас ғалымдар» (ғылыми жоба қорғау)
- «Жазушылар» (жазбаша шығармашылық жұмыс, яғни эссе жазу)
- «Сөз шеберлері» (мәнерлеп оқу)
- «Әнші - бұлбұлдар» (ән айту)
Аталған бағыттар бойынша аудан мектептерінің озық тәжірибелі ұзтаздары арасынан әділ қазылар алқасы қазылық етті.
Вернуться назад