ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ ӨТТІ
2019 жылдың 26 ақпан күні Меркі ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты №9 В.Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің базасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім ұйымдарында білім сапасын арттырудың тиімді тәсілдерін қарастыру, педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру бағытында көмектер беру мақсатында «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында облыстық әдістемелік десант өткізілді. Әдістемелік десантқа мектеп директорлары мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика пәні, физика пәні, информатика пәні, химия пәні, биология пәні, тарих пәні, география пәні, көркем еңбек пәні, мектепалды даярлық сыныбы педагогтары қатысты. Әдістемелік десантқа қатысқан мұғалімдер білім сапасын арттыруды нәтижеге бағыттау жолдары, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқудағы жаңа тәсілдер, бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау үдерісі туралы тәжірибелік презентациялар, шеберлік сыныптарын, тренингтерге қатысып, әдістемелік көмек алды.
Вернуться назад