«ӨЗ МАМАНДЫҒЫҢДЫ ТАНИ БІЛЕСІҢ БЕ?» ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ ШЕБЕРЛІК СЫНЫП ӨТТІ
Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Меркі ауданы, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің және Жамбыл ауылдық округіндегі «Айым» бөбекжай-бақшасынның педагогтарының ұйымдастыруымен 2019 жылы ақпан айының 27 жұлдызында аудандық «Өз мамандығыңды тани білесің бе?» тақырында шеберлік класы өткізілді.
Шеберлік кластың мақсаты: қатысушы педагог мамандарға өз мамандықтары туралыжаңа ақпарат беру, біліктіліктерін жетілдіру, тәжірибе алмасу.
Шеберлік класқа аудан көлемінде барлық бөбөкжай-бақшалардан және шағын орталықтардан 42 педагог қатысып, тәжірибемен алмасып, әдістемелік көмек алды.
Келген қатысушылар бөбекжай қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жасалған «Шебер қолдар» тақырыбында көрмені тамашалады.
Іс шара бөбекжайды таныстыру мақсатында түсірілген бейнематериалды қызықтаудан басталды. Жүргізуші шеберлік кластын мақсатымен таныстырып, бүгінгі іс шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Сансызбаева Гулвира Зауытбековнаны қатысып отырғаны жайлы айтып өтті. Алғы сөзді бөбекжай меңгерушісі Сексенбаева Майра Султановна ашып, мақсат міндеттерімен таныстары отырып, қатысушыларға шеберлік класста өз тәжірибемен бөлісетін әріптестеріне сәттілік тіледі.
Шеберлік кластың өтілу барысы дәстүрден тыс ұйымдастырылып, барлық педаготар 4 топта жұмыс жасады.
Шеберлік классты бөбекжай психологы Қойшекенова Қазына Азизуллақызы жүргізді. Бірінші және екінші кезеңде жүргізуші қатысушыларды шеңбер бойына шақырып, бір біріне күлімдеуді, күлкінің адам өміріндегі маңыздылығы туралы және таныса келе бір біріне жақсы тілек тілеуді ұсынды.
Іс шара «Ұжымның жүрегі» атты кезеңмен қорытындылады. Қорытынды кезеңде қатысушылар шеберлік кластан алған әсерлерімен бөлісіп, үлкен әдістемелік көмек алғандары туралы айтып, ризашылықтарын білдірді.
Сондай ақ аудандық білім бөлімінің әдіскері Сансызбаева Гулвира Зауытбековна бөбекжай ұжымына алғыс айтып, іс тәжірибе көрсеткен педагогтарды аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Вернуться назад