DataLife Engine > Жаңалықтар > ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

   №9 Владимир Савва атындағы ЖББМЛ аясында 2019 жылы наурыздың 5-нде «Жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілетін қалыптастырушы бағалаудың түрлері және тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өтті.

    Семинардың мақсаты: «Қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалану жолдарын көрсету».

Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Е.Усина және аудандық мектеп мұғалімдері қатысты. Семинарды мектеп директоры Б.Т.Қыстауов ашса, аудандық білім бөлімінің әдіскері  Г.Е.Усина:  «Орыс тілі мен әдебиеті сабағында қолданылатын қалыптастырушы бағалаудың түрлері» тақырыбында баяндама оқыды.

Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері К.А.Бектенбаева  және Р.А.Идрисова 6 сынып  оқушылармен өздерінің сабақтарын көрсетті. Сабақта формативті бағалау түрлері мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары жұмыс жүргізілді.

    Семинарымыздың екінші жартысында, мектеп психологтарымен тренинг ұйымдастырылып, №20 ЖББМ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Б.Алдышева «Активные методы обучения»  тақырыбында шебер-сынып  өткізді. Семинар жоғары  методикалық деңгейде өтті. Аудан мұғалімдері білім қоржындарын  толықтырып қайтты.

 

 




Вернуться назад