«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН «ТУҒАН ӨЛКЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА BEST ВИДЕОНЫҢ ЖОБА БАЙҚАУЫ ӨТТІ
«Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың ақпан айының 1 мен 15күндері аралығында «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Туған өлке» BEST видео жоба байқауы өткізіледі.
Байқауымыздың негізгі мақсаты Туған өлкенің тарихы – мәдени құндылықтарын, географиясын мен табиғатын сандық білім беру ресурстары арқылы жасөспірімдердің бойындағы зертеушілік пен зияткерлік шығармашылық әлеуетін дамыту оқушылардың Қазақстанның рухани мұрасы мен мәдени, тарихи дәстүрлеріне деген қызығушылығын қалыптастыру.
Іс- шараға №1, №5, №7, №8, №9, №11, №15, №16, №17, №19, №18, №21, №23, №35, №39, №44, жалпы білім беретін мектептер қатысты.
«Туған өлке» BEST видео жоба байқауымыздың нәтижесі бойынша №9 ЖББМЛ оқушысы –М. Қасымхан бас жүлде, №44 ЖББМ оқушысы - Ж. Талғатова І орын, №11 ЖББМ оқушысы –Г. Шөненова, №16 ЖББМ оқушысы –Е.Рахымұлы , ІІ орын, , №18 ЖББМ оқушысы – Б.Садық , №15 ЖББМ оқушысы – Ә. Ағланбек, №21 ЖББМ оқушысы – А. Батырхан ІІІ орын, алғыс хаттармен №1 ЖББМ оқушысы - Г. Ирисбаева, №5 ЖББМГ оқушысы - Е. Оспан, №7 ЖББМ оқушысы –С. Оралбай, №8ЖББМ оқушысы-
М. Раимкулова, №17 ЖББМГ оқушысы –А. Ажеп, №19 ЖББМ оқушысы – Қ. Сандықбаева, , № 23 ЖББМ – оқушысы Б. Жабықбай, №39 ЖББМГ оқушысы –Ш. Артис марапатталды.
Оқушылар өз туған жерінің тарихы мен оның табиғатын, географиясын танып біліп, бейнеролик түсіру кезінде нені басшылыққа алу керектігін түсініп, ізденіс жұмысына дағдыланды. Бұл жоба байқау оқушыларға берер тәлім- тағылымы мол болды.
Вернуться назад