МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2019 жылдың 4 наурыздағы №02-1194 хатына сәйкес Меркі ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан бойынша барлық 29 жалпы білім беретін мектеп басшылары сағат 900-де бастап, кешкі 1800-ге дейін мектеп ауыл тұрғындарымен қоғамдық қабылдау күнін өткізді. Қоғамдық қабылдау өткізу туралы хабар алдын ала әлеуметтік желілерде жарияланып, азаматтар хабардар етілді. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары мен білім алушылардың ата-аналары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып жатты.
Іс-шара барысында оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау, бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту және мектеп жанындағы шағын орталыққа балаларды қабылдау мәселелері қаралды. Ата-аналардың сауалдары көбінесе бір мезгіл ыстық тамақпен қамту аясында қойылды. Мектеп директорлары жеке азаматтардың қойған сауалдарына белгіленген заңнамалар төңірегінде жауап берді.
Вернуться назад