DataLife Engine > Жаңалықтар > ИВАН ТРУБИЦЫН АТЫНДАҒЫ №17 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫНДА «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР

ИВАН ТРУБИЦЫН АТЫНДАҒЫ №17 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫНДА «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР

   Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында 2019 жылдың 29 наурыз күні Меркі ауданы әкімдігі білім бөлімінің  ұйымдастыруымен мұғалімдермен тәжірибе алмасу мақсатында, «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытудың әдістемесін жетілдіру жолдары» тақырыбында  аудандық семинар өткізілді. 

  Семинарға «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсынан сабақ беретін мұғалімдер қатысты,  облыс әкімдігі дін істері басқармасының Меркі, Т. Рысқұлов аудандары бойынша инспекторы, теолог Б.А. Жумасетов шақырылды.

   Мектеп директоры  Г. Е. Тлеубердиева мен Меркі ауданы әкімдігі білім бөлімінің  бас маманы С.Б. Иманалиева семинарды ашып, мұғалімдерді бағдарламамен таныстырды. Семинар барысында тарих пәнінің мұғалімі М.Р. Айнакулова «Филисофско просветительские и религиозные взгляды Аль-Фараби, Махмуда Кашкари, Ахмета Иугнеки, Хусам ад-дина Сыгнаки» тақырыбында, Л.М Етекбаева «Әл- Фараби, Қ.А.Иассауи, Ж. Баласағұни, М. Қашқари,  А. Игүнеки, Х. Сығнақидің діни философиялық және моральдық көзқарастары» тақырыбында сабақтар көрсетіп, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өздерінің іс-тәжірибесін көрсетті.

  Тәжірибелік бөлімде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсынан сабақ беретін мұғалімдермен бірлесе отырып, мектеп тренерлері Жанбабаева Г. Б. және Каймалакова Н.С. «Зайырлылық және дінтану

негіздері  сабағында SMART-мақсаттарды қоя білу» тақырыбында коучинг жүргізіп, рефлексия жүргізу арқылы, ой-пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.

 

 




Вернуться назад