«ЕҢ ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
2019 жылдың 11 сәуір күні Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің акт залында мектепішілік «Ең үздік кітап оқитын мектеп» тақырыбында «Оқитын мектеп – табысты мектеп» номинациясы бойынша 7-9 сынып оқушылары арасында байқау өтті. 100 кітап жобасы бойынша, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап оқуға құмарлығын арттыру, олардың сөздік қорын, өй өрісінің дамуын, рухани байлығын, ойын-сабақ арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілді. Оқушылар берілген шығармалардың үзінділерінен көрініс көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылардың шешімімен Бас жүлдеге 9 «Ә» сынып оқушылары ие болды. 8 «А» М.Жұмабаевтың «Балалық шағың» 1 орын, 7 «А» М.Мағауйннің «Бір атаның балалары» 2 орын, 7 «Ә» сыныбы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша 3 орын иеленді. 9 «А» сыныбы қатысқаны үшін Е.Мырзахметовтың «Он бес жыл өткен соң», 9 «Ә» сыныбы Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы бойынша сахналық көрініс қойып, Жарылқасын Бекжан, Жолдыбай Мәди, Отарбай Ғазиз, Жақсыбай Нұрсұлтан, Быстров Иван актерлік шеберліктерін жоғары көрсетіп, ерекше көзге түсті.
Вернуться назад