DataLife Engine > Жаңалықтар > ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ МЕН АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША 5 МЫҢ ГРАНТ БӨЛЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ МЕН АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША 5 МЫҢ ГРАНТ БӨЛЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.

                                             Хабарландыру

      Облыстық білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 5 шілдедегі №4-14-3/2338-И хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі 2019-2020 оқу жылына көпбалалы отбасылардың балалары мен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша 5 мың грант бөлетінін хабарлайды.

      Білім беру гранттарын тағайындауды «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы толеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне ( бұдан әрі-Ереже ) сәйкес жергілікті атқарушы орғандар ( бұдан әрі-ЖАО) жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңшардағы №58 қаулысы).

      Конкурсқа өтініштерді қабылдау мерзімі 5-10 тамыз аралығында, білім беру гранттарын беру – 15 тамызға дейін, қабылдау-25 тамызға дейін (құжаттарды қабылдау комиссиялары қабылдайды).

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

  • Белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
  • Білім туралы құжаты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);
  • ҰБТ сертификаты;
  • 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

       Сонымен қатар талапкерлер копбалалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

       Көрсетілген санаттағы тұлғалар ағымдағы жылғы 1 тамызға дейін өткізілетін білім беру грантын берудің республикалық конкурсына қатыса алады. Егерде олар республикалық кезең бойынша конкурстан өтпесе, онда ЖАО конкурсына қатыса алады.

ЖАО білім беру гранттары өңірлердің жоғары білімі бар кадырларға қажеттілігін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балына сәйкес конкурстық негізде тағайындалады.

 

 




Вернуться назад