UNT- 2019: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР? » Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Qaz | Rýs | Engl
Меркі ауа райы C

Cоңғы жаңалықтар

09:33
АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «РОБОТОТЕХНИКА» РОБО-СПОРТЫ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ ӨТЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.
17:58
МЕРКЕНСКИЕ ПЕДАГОГИ НА ПЬЕДЕСТАЛЕ ПОБЕДЫ
17:56
МЕРКІЛІК ПЕДАГОГТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
17:35
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ МЕН АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША 5 МЫҢ ГРАНТ БӨЛЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.
10:37
« МЕКТЕПКЕ ЖОЛ » ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
14:36
1 ИЮНЯ В ЧЕСТЬ МЕЖДУНАРОДНОГО ДНЯ ЗАЩИТЫ ДЕТЕЙ НА ЦЕНТРАЛЬНОЙ ПЛОЩАДИ РАЙОНА РАЙОННЫМ ОТДЕЛОМ ОБРАЗОВАНИЯ БЫЛ ПРОВЕДЕН ПАРАД ДЕТСКИХ АНСАМБЛЕЙ
14:29
1 МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА МЕРЕКЕЛІК ШЕРУ ӨТКІЗІЛДІ
10:43
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУІ
16:07
UNT- 2019: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?
16:20
КОНКУРС «КӨШБАСШЫ ӘДІСКЕР»
12:58
«НАУРЫЗ – ПРАЗДНИК ВЕСНЫ»
10:00
ТАПАЛОВ ДИМАШ- МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
12:38
ПРОВЕДЕН ВЕСЕННИЙ ДВУХМЕСЯЧНИК ПО БЛАГОУСТРОЙСТВУ, ОЗЕЛЕНЕНИЮ И САНИТАРНОЙ ОЧИСТКЕ
12:37
МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ АУЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
12:33
БЫЛ ПРОВЕДЕН РАЙОННЫЙ КОНКУРС ЮНЫХ ТЕХНИКОВ
12:31
ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:29
ЛУЧШАЯ ЧИТАТЕЛЬСКАЯ ШКОЛА
12:27
«ЕҢ ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12:25
РАЙОННЫЙ СЕМИНАР НА ТЕМУ: «ПУТИ ПОВЫШЕНИЯ МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ КУРСА «СВЕТСКОСТЬ И ОСНОВЫ РЕЛИГИОВЕДЕНИЯ»
12:23
ИВАН ТРУБИЦЫН АТЫНДАҒЫ №17 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫНДА «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
Көп жаңалықтар
» » UNT- 2019: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

UNT- 2019: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

Жаңалықтар
2 234
20

   2017 жылдан бастап түлектер мектептерде орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын белгі» алу үшін емтихандар тапсырса,  ЖОО-ға түсу үшін мемлекеттік гранттың бөліну жүйесі функциясын атқаратын UNT тапсырады.

Биылғы  жылы UNT тапсыру форматы сол күйінде қалады, дегенмен бірқатар қосымша өзгерістер бар. 2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін UNT жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз) өткізіледі. Қаңтар, наурыз және тамыз айларында UNT тапсыратын талапкерлер тестті ақылы түрде тапсырады және оның әр тапсыруы  2242 теңгені құрайды. Бұл кезде UNT тапсырған талапкерлер білім беру гранттарына үміткер бола алMayды, ол ЖОО-на ақылы түрде түсу мүмкіндігіне ие болуы үшін қарастырылған, ал грантқа таласу үшін маусым-шілде айларында өтетін UNT-ға қатысуы қажет. Айта кету керек, қаңтар, наурыз айында өтетін UNT-ға қатысқаннан кейін талапкерлер маусым айында өтетін UNT-ға қатысу және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін байқауға қатысу мүмкіндігінен айырылMayды.

   Сонымен қатар, биылғы жылдың бір ерекшелігі UNT –жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтиханы болғандықтан UNT өткізілетін пунктке мектеп бітірушілерді тасымалдау мен тамақтандыру білім бөлімі тарапынан емес, ата-аналар тарапынан жүзеге асырылады. Бұл мәселе аудан мектептері жанынан құрылған қамқоршылық кеңесі отырыстарында қаралып, мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсуші тұлғалар Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша UNT тапсырады.

Талапкерлер  UNT-ны қалауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде тапсырады. Бұл ретте UNT-ны ағылшын тілінде тапсыратын түсушілер үшін Қазақстан тарихы бойынша тестілеу қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.

Сондай-ақ, шет тілін терең меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқушылар «Шет тілі» пәні бойынша UNT-дан босату нормасы енгізілген.

    Биылғы жылы ЖОО-на түсу үшін баллдың ең төменгі шегі өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде қалдырылды. Бірақ, Ұлттық университеттерге түсу балының ең төменгі шегі – 65 балл.

Оқу жылын “Алтын белгімен” аяқтаған түлектер тек UNT-да жинаған балына қарай грант иегері атана алады. Яғни, барлығы грантқа қол жеткізе алMayды. “Алтын белгі” иегері болуының бір ғана пайдасы UNT нәтижесі бойынша балл саны бірдей болып, бір орынға бірнеше үміткер таласқан жағдайда ғана “Алтын белгі” иегері ескеріледі.

   UNT-ны өткізу барысында мектеп бітірушіге сөйлесуге, орын ауыстыруға, тестілеу материалдарымен алмасуға, тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға, шпаргалкалар, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарының (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, iPhone, SmartPhone, ноутбуктер, плейерлер, модемдер, радио-электрондық байланыстың Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары) кез-келген түрлерін аудиторияға кіргізуге және қолдануға, тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждау, корректор сұйықтығын қолдану, беттерді жырту арқылы бүлдіруге рұқсат етілмейді. Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған бітіруші аудиториядан шығарылып, оның тест нәтижесі жойылады. Сондықтан, әрбір мектеп бітіруші аудитория ішінде тәртіп сақтауға психологиялық тұрғыдан дайын болғаны жөн.

   Жалпы UNT-ны тапсыру форматында, пәндер мен сұрақтар бойынша өзгерістер жоқ. Ағымдағы жылғыдай, UNT сертификатымен бірге әрбір бітірушіге білім беру бағдарламалары топтарының тізімі, бөлінетін гранттар саны, сондай-ақ, өткен жылғы грант тағайындау конкурсының нәтижелері көрсетілген ақпараттық парақ беріледі. Бұл ақпараттық парақ талапкерге болашақ мамандығын таңдауда көмектеседі.

Мектеп бітіруші түлектерге алдағы сынақта сәттілік тілейміз!

 

Ж.Байтулекова

аудан әкімдігінің білім

бөлімінің әдіскері

 

 

 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

20 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: