АУДАННЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ 2019 ЖЫЛДЫҢ 13-18 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЕСЕП БЕРУІ ТУРАЛЫ.
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысының әкімдігі облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен мектеп инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ҚР ІІМ 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 бұйрығымен бекітілген «Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларына» сәйкес әзірленген «Полицияның мектеп инспекторларының білім беру ұйымдарымен өзара әрекетінің Ережесін (Алгоритмін)» (бұдан әрі – «Ереже (Алгоритм)» әзірленді.
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі және аудандық полиция бөлімі тарапынан мектеп инспекторлары жұмысын арттыру мақсатында екі жақты іс–шара жоспары жасалынып, жоспар аясында 2019 жылдың 13-18 наурыз аралығында қамқоршылық кеңестерінің отырысында мектеп инспекторларының кезекті есеп беруі жоспарланды.
Вернуться назад