Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысының әкімдігі облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен мектеп инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ҚР ІІМ 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 бұйрығымен бекітілген «Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларына» сәйкес әзірленген «Полицияның мектеп инспекторларының білім беру ұйымдарымен өзара әрекетінің Ережесін (Алгоритмін)» (бұдан әрі – «Ереже (Алгоритм)» әзірленді.
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі және аудандық полиция бөлімі тарапынан мектеп инспекторлары жұмысын арттыру мақсатында екі жақты іс–шара жоспары жасалынып, жоспар аясында 2019 жылдың 13-18 наурыз аралығында қамқоршылық кеңестерінің отырысында мектеп инспекторларының кезекті есеп беруі жоспарланды.