Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орталық алаңда мерекелік шеру өткізілді. Шеруді бастаған қосымша білім беру мекемелері: оқушылар «Үміт» сарайы, №1 және №2 саз мектептерінің білім алушыларынан құралған музыкалық оркестр, бишілер топтары, домбырашылар, қобызшылар ұжымдары кезек кезегімен өнерлерін ортада көрсетсе, ал «Өркен» шығармашылық орталығының «Черлидерлер» би тобы және жас конструкторлары мен өнертапқыштары өздері құрастырған әуе және зымыран моделдерін ұшырып, көпшілікті таңқалдырды. Шеруді ауданның жалпы білім беретін 10 мектептің 2000 - ға жуық оқушылары әр түрлі музыкалық композицияларымен жалғастырды. Шеру білім мекемелерінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.