Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №3-15-3/3429-И хаты негізінде 2018 жылдың 2 қазан мен 10 қараша аралығында №48 ЖББМ-е «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты республикалық акция өтті. Мектебімізде «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясының іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді.
Акция «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін!» ұранымен өтті.
Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол – көлік оқиғаларының алдын алу.
Акцияның мазмұны мен форматы:
Республикалық акция балаларға, ата аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертпе болуы тиіс. Жолда, көлікте қауіпсіздік ережелер туралы, сонымен қатар алғашқы көмек көрсету тәсілдері және шұғыл қызметтер туралы балалар мен ата-аналардың, қоғамның назарын аудару.
03.10.2018 жылы Меркі АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ-нің инспекторы полиция майоры Сымтыков С.В. ДҚТЖО Абдраманова Ж.С., ДТЖО Барлыбаева Ә.Р. 1-4. 5-11 сынып жетекшілері балалардың жол қозғалысы ережелерін сақтау және өмір қауіпсіздігі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар «Жол қозғалысы ережелерін сақтау» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.