№ 17 Иван Трубицын атындағы ЖББМГ 11 «А» сынып оқушысы Тапалов Димашты мектеп мақтанышы деп сенімді түрде атауға болады.
Димаш аудан намысын негізгі пәндер бойынша өткен облыстық олимпиадасында қорғап шықты. ІІ жүлделі орынды иеленіп республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңіне жолдаманы жеңіп алды. Олимпиада қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 25 – 30 наурыз аралығында Қызылорда қаласында өтті. Біздің оқушымыз Димаш орыс тілі пәні бойынша білімін сарапқа салып, жүлделі ІІ орынды иеленді. «Екі тілді білу – ол екінші жан дүниені меңгеру» деп Ұлы Карл айтпақшы, оны осылай баулыған ұстазы Байгашева Венера Туребековна
Қытай елінің мақалында «Ұстаз есікті ашады, ал кіру өз міндетің» - демекші, оның тәлімгері Байғашева Венера Турекбекқызы мұны өз сабақтарында әрқашан үйретеді, жол көрсетіп баулиды. Ал Димаш жаңаны білуге өте құмар және бар пейілімен білімін дамытуға құштар бала.
Тапалов Димаш «Назарбаев Зияткерлік мектебі» тәжірибесі енгізілген тәжірибелік сыныпта білім алады. Димаш аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың белсенді қатысушысы.