Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №44-ші ОМ ұйымдастырумен 2018 жылғы 14 наурыз күні мектепте оқушылар мен мұғалімдер арасында қалалық "Қош келдің, төрлет, Наурызым" атты мәдени сазды мерекелік іс-шара өткізілді. Ұжым Наурыз мерекесін өте жоғары деңгейде,үлкен дайындықпен өткізді.Іс-шараға 500-ге жуық оқушы белсенді қатысып,өнерлерін ортаға салды.Іс шара өте ауқымды,жан-жақты,тəрбиелік мəні зор .Барлық сыныптарда тəрбие сағаты өтіп,ұлттық салт-дəстүр көріністері,спорттық ойындар,арқан тартыс,асық,тоғызқұмалақ,"Орамал тастау",100 кітап жобасы,əр ұлт өкілдерінің Достық шеруі,əн,күй,жыр,би,авторлық шығармалар,хор,көрме,киіз басу,жүн түту,күбі пісу... .тізбек таусылмайды.Ең негізгісі,қазағымның мақтанышы,осы мектеп түлегі Бахтияр Артаев ұстаздарына құрмет көрсетіп,гүл шоқтарын ұсынып,жас жеткіншектерге тəрбиелік мəні бар ақ тілегін жеткізді.