«Жазғы мектеп» аясындағы жас мамандарға арналған «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың тиімді тәсілдері» тақырыбындағы тарих пәні мұғалімдерінің аудандық әдістемелік коучинг-сессиясы
«Жазғы мектеп» аясындағы жас мамандарға арналған
«Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың тиімді тәсілдері»
тақырыбындағы тарих пәні мұғалімдерінің аудандық әдістемелік коучинг-сессиясы
ҰБТ дегеніміз –тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру жолы және оқу үрдісіндегі басты нәтиже болып табылады. Оған сапалы дайындық қажет.Осы негізде Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен құрылған «Жазғы мектеп» аудандық педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуді бастап кетті.Тарих пәні бойынша №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылдың 12 маусымында аудандық білім бөлімінің бас маманы Иманалиева Сауле Болысбековнаның ұйымдастыруымен Г.Касымовтың «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың тиімді тәсілдері» тақырыбында коучинг-сессия өткізілді.
Аталған іс-шараға аудан мектептерінен 31 педагог қатысты. Ұйымдастырылған іс-шара барысында «Вертуальді музейге қадам» жасалып, мектептегі тарихи-өлкетану музейінде таныстырылым сабағы өткізілді.
«Жазғы мектеп» іс-шарасының ашылуында аудандық білім бөлімінің бас маманы С.Иманалиева мен мектеп директоры Н.Койшиманова алғы сөз тілегін білдірді. Коучинг – сессияда педагогтарға білім алушыларды ҰБТ –ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.