Қазіргі заманда адамдар қайырымдылық қорларын ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға,бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасау – әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы.
Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы биыл «Жүректен- жүрекке!» ұранымен 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында өткізілмек.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан,жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да қайырымдылық көмек көрсету болып табылады.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демекші азаматтығын, ізгілігін көрсетіп, келешек ұрпақтың тағдыры үшін алаңдаушылық танытып, акцияға қол ұшын созып, демушілік көрсететін ауыл азаматтарына үлкен сенім артамыз.